13 январь 2025

Педагогикалық пәндер апталығының ашылуы

13 қаңтар 2025 жылы  Педагогикалық пәндер апталығының  ашылуы өтті. Педагогикалық пәндер апталығының жоспарына білім беру сапасын арттыру және студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында ашық сабақтар мен іс-шараларды қамтиды.

Педагогикалық пәндер циклы – бұл педагогика, психология, әдістемелік білім беру және тәрбие жұмыстарының түрлі аспектілерін қамтитын оқу жоспарынан тұратын пәндер жиынтығы.

Циклдың мақсаты – болашақ педагогтарды жан-жақты даярлау, оларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістерімен таныстыру, сонымен қатар, педагогикалық теория мен практиканы үйлестіру.

Педагогикалық пәндер циклының соңында студенттер педагогикалық қызметке қажетті білім, дағдылар мен қабілеттерді меңгереді. Олар оқу процесін ұйымдастыруда, оқушылардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді педагогикалық әдістерді қолдануға дайын болады.

Последние новости

05 февраль 2025
Победа