Shakarim University кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен 4 курс студенттеріне ағылшын тілінен тегін курс басталды. Магистратураға түсуге мүмкіндік ретінде қолға алынып отырған, аптасына 2 рет өткізілетін курс мамыр айына дейін жалғасады.
Бүгінде шет тілін меңгеруге ниетті 61 студент алғашқы сабақтарын бастап кетті. Курс қатысушылары бастапқы және орташа деңгей болып бөлінген 4 топқа топтастырылған.
Білім алушыларымызға ағылшын тілін үйрететін курсты Абай облысының лингвистикалық орталығының мамандары: Абай Нұржанұлы Нұржанов мен Әсем Шыңғысқызы Бердібек өткізеді.
Осы курс арқылы студенттер тек ағылшын тілінің негіздерін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, өздерінің шетелдік оқу орындарында білім алу мүмкіндіктерін арттырады. Сондай-ақ, бұл курс студенттердің мәдениаралық қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытуға, өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Бұл студенттердің шет тілін меңгеру деңгейін жақсартуға, академиялық мақсаттар мен кәсіби даму үшін қажетті дағдыларды дамытуға жол ашады. Сондай-ақ, курстың магистратураға түсуге дайындық ретінде ұсынылуы студенттердің жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Шәкәрім Университеті осылайша білім алушылардың қаржылық жүктемесін азайтып, әр студенттің өзін дамытуға деген ынтасын арттыруға жағдай жасап отыр.