Ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін оның арнайы білім алуға ерекше қажеттіліктерін, медициналық және әлеуметтік қызметке мұқтаждығын нақты және жанжақты зерттеу керек. Бұл оның оқу процесіне қосылуына барынша тиімді жағдай жасауға мүмкіндік беретінін айқындауымыз керек. Осыған орай, «Инклюзивті білім беру» білім беру бағдарламасы аясында 2025 жылдың 04.02. - 14.02. аралығында кадрлар біліктілін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалының оқытушылары мен қызметкерлеріне «Инклюзивті білім беру: жоғары оқу орнындағы оқыту және тәрбиелеу әдістері» тақырыбында курстар өтіп жатыр. Аталмыш курсты педагогика кафедрасының тәжірибелі аға оқытушысы Ш.Ш Абишева және К.М Нурмухаметова жүргізуде.