23 апрель 2025

«Стрессті басқару. Менің оқу ресурстарым» Студенттерге арналған мотивациялық тренинг!

🎓 Психологиялық қолдау қызметі мен Педагогика кафедрасының аға оқытушысы Абишева Ш.Ш. және Мамажарова Э.К. бірлесе отырып, Жасанды интеллект және құрылыс жоғары мектебі студенттеріне арналған

🌿 «Стрессті басқару. Менің оқу ресурстарым» тақырыбында тренинг өткізді.

🔹 Студенттер стресстің себептері мен белгілерін талдап, оны басқару жолдарын үйренді;
🔹 Оқу барысында ішкі ресурсты сақтау, мотивацияны арттыру, релаксация техникасын меңгеру бойынша практикалық жаттығулар жасалды.

Бұл тренинг — студенттердің психоэмоционалды жағдайына қолдау көрсетудің маңызды қадамы болды.

📌 Шәкәрім университетінде білім – тек ақпарат емес, шабыт пен қамқорлық!