Психологиялық қолдау қызметінің маманы Қ.А.Сағындыкова ұйымдастыруымен №2 жатақхана студенттеріне «Эмоционалды интеллект: өзіңді және өзгелерді тану» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренинг барысында студенттер эмоционалды интеллект ұғымымен танысып, өз эмоцияларын тану, басқару және өзгелермен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі жаттығулар орындады.
Шара соңында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті:
✨ 1. Эмоционалды интеллект бойынша пайдалы және қызықты тренинг үшін алғыс айтамыз! Көп нәрсе үйрендік!
✨ 2. Өзімізді түсінуге, эмоцияларымызды басқаруға үйреткеніңіз үшін рахмет!
✨ 3. Бұл тренинг бізге жаңа көзқарас пен пайдалы дағдылар сыйлады. Үлкен алғыс білдіреміз!
✨ 4. Уақытыңыз бен бөліскен біліміңіз үшін шын жүректен рақмет! Болашақта көп көмегі тиетініне сенімдіміз.
✨ 5. Эмоцияларды басқару, өзімізді тану жолында маңызды қадам жасадық.