30 май 2025

"Күміс Университет" жобасы аясында жүзеге асырылған "Түрік тілі" курсы сәтті аяқталып, сертификаттар табысталды.

✨ Шәкәрім университетінде Түрік тілі курсы сәтті аяқталды! ✨

 

2025 жылдың13  қаңтарынаң мамырға дейін «Күміс университеті» тыңдаушылары түрік тілі курсын меңгеріп, өздерінің білім көкжиегін кеңейтті. Курсты шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы, PhD дәрежесі бар Турикпенова Айгүл Жұманқызы жүргізді.

 

Жаңа тіл үйрену — тек сөздерді жаттап қана қоймай, есте сақтау қабілетіңізді арттырып, ой-өрісіңізді кеңейтудің ең тиімді жолы. Түрік тілін игеру арқылы қатысушылар өздеріне деген сенімділігін арттырып, өмір бойы білім алуға деген ынталарын нығайтты.

 

Бүгінгі заманда «өмір бойы білім алу» — тек сөз емес, қажеттілік. Бұл Қазақстан азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктер мен дамудың кілті болып табылады.

 

Білімді тоқтатпаңыз, әрдайым алға ұмтылыңыз!

📝 Шәкәрім университеті сіздерді жаңа білімге құштар болуға шақырады! Әр қадамда бірге болайық!