«Рухани мұра: ғасырдан ғасырға» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Пресс-служба     24 Oct,2018        

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасымен бірлесе отырып, Қазақстан тариxы кафедрасының  ұйымдастыруымен 2018 жылдың 19 қазанда ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының 135 жылдығына орай «Рухани мұра: ғасырдан ғасырға» тақырыбындағы дөңгелек үстел профессорлар-оқытушылар құрамы өкілдерінің, «Тарих», «География-Тарих» мамандықтарының студенттерінің, магистранттарының, докторанттарының және қаладағы  кітапсүйер оқырмандардың қатысуымен осы орталық кітапханада өтті. Іс-шараны ұйымдастыру мәселесінде т.ғ.к., профессор м.а. Р.Ж. Мұхамеджанованың  жетекшілігіндегі студенттер үлкен белсенділік көрсетті.

Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты:

  • Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатына үн қосу;
  • «Дөңгелек үстел» аясында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы жастардың пікір алмасуын ұйымдастыру;
  • Еліміздің дамуына үлес қосатын студент жастардың идеяларын жарыққа шығару;
  • Жастардың бойындағы рухани құндылықтарды одан әрі байыту.

Дөңгелек үстелдің ашылуы алдында кітапхананың көрмелер залында кітапхана қызметкерлінің ұйымдастыруларымен «Абай оқыған әдебиеттер әлемі», «Латын әліпбиі – құнды мұра» және «Жаңа кітаптар – сіздер үшін» айдарымен көрме өткізілді.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында, кіріспе сөзбен жиналғандарды кітапхана директоры Г.Т. Жігітбаева құттықтады. Профессор А.И. Исин «Қолжазба – халқымыздың санғасырлық асыл мұрасы», 4 курс студенті Ержан Қалдыбаев «Болашақтың кілті – білімде» тақырыптарында қызықты баяндамалар жасады. Қатысушылар баяндамашыларға көптеген сұрақтар қойып, оларға тыңғылықты жауаптар алды. Қатысқан студенттер өз ойларын ортаға салып, таяу араларда тарих сүйер қауымның басын қосатын ғылыми-танымдық клуб ұйымдастыру қажеттілігі туралы ұсыныс жасады.

Жиынның соңында сөз алған Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, доцент М.С. Ибраемова осындай бас қосулардың көзқарас бірлігіне әкелетіндігін және ойлы азаматтарға, жастарға рухани бағыт пен бағдар беретінін атап көрсетті.