Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 2018 жылдың 18-26 шілде аралығында мемлекеттік білім беру гранттарын алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдайды. Біздің мекен-жайымыз: Семей қ., Глинки көш., 20 А, телефон: 31-87-79

«Рухани жаңғыру – Тәуелсіз Қазақстанның жан-жақты дамуының кепілі»

Асем Утешева     13 Dec,2017        

2017 жылдың 12 желтоқсанында Шәкәрім мемлекеттік университетінің Білім алуды жалғастыру факультеті және Тарих-педагогикалық факультеті «Рухани жаңғыру – Тәуелсіз Қазақстанның жан-жақты дамуының кепілі» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Дөңгелек үстел отырысы Еліміздің тәуелсіздігінің 26-жылдығына арналған. Дөңгелек үстел отырысының мақсаты: Тәуелсіз Қазақстандағы рухани жаңғыру және оның нәтижелерін Семей қаласының жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында талқылау.

Дөңгелек үстел отырысында Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Садырбаев Айдар Серікқазыұлы «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың негізі» атты баяндама жасады.

«Рухани жаңғыру – Тәуелсіз Қазақстанның жан-жақты дамуының кепілі» атты дөңгелек үстел отырысы Семей қаласының жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттарына арналған. Отырысқа Шәкәрім  университеті, Қазақстан инновациялық университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті магистранттары мен докторанттары қатысты.