«Егерь» студенттік ғылыми үйірмесі
Мақсаты: болашақ аңшылық және аң шаруашылығы бакалаврларының теориялық, ғылыми-практикалық және әдістемелік дайындығының деңгейін көтеру, олардың шығармашылық ойлауын, ғылыми дербестігі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен орындау дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
- ғылыми конференцияларға, үздік ғылыми жұмыстар конкурстарына, ғылыми семинарларға белсенді қатысу;
- дербес ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемесін, дағдыларын игеру;
- ғылыми жұмыстын нәтижелерін талдау және талқылау;
- ғылыми жұмысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша тәжірибе алмасу;
- ішкі ұйымдастырушылықты арттыру, оқуға саналы қарау, оқыту процесінде алынған білімді тереңдету және бекіту;
- қабілетті, белсенді және табысты студенттер қатарынан ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар резервін дайындау.