«Семей-Жидебай ұлылар мекені»

Пресс-служба     25 Oct,2018        

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 20.10.2018 жылы «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының ППС ұжымы мен студенттері «Семей-Жидебай ұлылар мекені» тақырыбында «Жидебай-Бөрілі» Абайдың тарихи-мәдени кешеніне саяхат жасады. Аталмыш бастама жастардың бойына отансүйгіштік қасиетін сіңіріп, оның маздауына себеп болды.

Көтеріңкі көңіл күймен, рухани мол байлықпен Семей-Жидебай-Еңлік-Кебек-Күшікбай кезеңі бағыты бойынша жүріп, «Абай жолы» роман-эпопеясындағы тарихи оқиғалар орын алған жерлермен танысты. Саяхат маршруты барысында Семейден шыққан ғұламалардың өмірімен байланысты тарихи деректерге қанықты. Жетектегі топтарда басқа облыстан келіп оқып жатқан студенттер осындай мүмкіндік туғанына – қазақтың мақтанышы атанған Абай, Шәкәрім мен Мұхтар еліне аяқ басып айрықша сезімге бөленгендіктерін айтты, дән риза болды. Саяхаттан алған әсерлері шексіз.

Экскурсияның табысты әрі қызықты өтуіне қолдау көрсеткен автобус жүргізушісіне, қызмет көрсетіп, бар білгенін бөліскен мұражай қызметкерлеріне зор алғысымызды білдіреміз.