Семинар-тренинг «Ұлы даланың жеті қыры»

Пресс-служба     29 Nov,2018        

Семей жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 27 қараша күні «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» тақырыбындағы облыстық семинар – тренинг өтті. Семинар-тренингтің басты мақсаты – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын терең түсініп, дұрыс тарихи сананың қалыптасуын дәріптеу.

Тарихымызды дұрыс түсіну, өткенімізді тұтас қабылдау азаматтарымыздың, оның ішінде, бірінші кезекте жастардың жаңаша көзқарасын қалыптастыру. Іс-шараға аудандық, «Жастар ресурстық орталықтарының» директорлары мен жастар мәслихатының депутаттары сондай-ақ, қаланың жоғарғы оқу орындары, колледждерінен оқытушылар қатысты. Облыстық семинар-тренингті университетіміздегі ректор кеңсесінің басшысы Әбдікәрімов Марат Орынтайұлының сөзімен басталды.

«Мәңгілік Ел» кафедрасының меңгерушісі м.а. Оралбекова Бақытгүл Сейтмұхамбетқызы Семей жобалық кеңсесінің жұмыс барысымен, бейнелеу және сызу кафедрасының оқытушысы Каримова Ақерке Тілеубекқызы көрме жұмысымен таныстырып өтті. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлыдаланың жеті қыры» атты мақаласын саяси-тарихи тұрғыдан талқылау мақсатында спикерлер: ф.ғ.к,.доцент Жаркимбаева Дана Бактубаевна, «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушылары Даутова Алма Фазылагзамовна мен Рахметуллин Еркін Ерланұлы арнайы баяндамалар жасады.

Психология кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., PhD доктор Оралканова Индира Адылканқызы тренингтің практикалық бөлімін жүргізді. Шара соңында университет ректорының қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі Тілеубаев Аманғазы Исабекұлы қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.