Серпіліс берсек, серпіндіктерге!

Маржан Смайлханова     30 May,2017        

Талапкерлерді рекрутингілеу және бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру орталығының «Кешенді тестілеуге даярлау бөлімінің» жетекшісі Сулейменов Шыңғыс Қайратұлы ҚР Білім және ғылым министрі бекіткен 2017 оқу жылына арналған «Серпін» –  «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» әлеуметтік жобасының    6 – тармағына сәйкес жұмыс жоспарының іске асырылу шеңберінде өңірлердегі жас түлектер арасында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізу, жіберуші өңірлерде әлеуметтік жобаны кеңінен ақпараттандырып, таныстыру мақсатында, мамыр айының 7 мен 26 аралығында   сұранысы жоғары 9 өңірдегі оқу орындарының өкілдерімен орталықтандырылған кездесулер «Серпін күндеріне» қатысты.
Аталмыш шара бойынша Қызылорда облыстарының Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш және Арал аудандары, Жамбыл облысының Байзақ, Жуалы, Меркі, Шу, Жамбыл және Талас аудандары, Алматы облысының Сарқан, Алакөл, Балқаш, Райымбек және Еңбекшіқазақ аудандарына, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазықұрт, Сарыағаш, Түлкібас, Төле би және Бәйдібек аудандарының  мектеп бітіруші түлектерімен кездесу өтті. Кездесу барысында мектеп бітіруші түлектерге «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша ақпараттар берілді.