«Серпін-2050»

Асем Утешева     30 May,2018        

 «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша Шәкәрім мемлекеттік университетінің өкілдері Алматы , Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында 2018 жылдың 15-25 мамыр аралығында «Серпін күндері» атты үгіт- насихат шараларын өткізді.

Жобаның негізгі мақсаты – жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ету, республика бойынша білім және еңбек ресурстарын тең бөлу мақсатында жастарды еңбек күші көп өңірлерден еңбек күші жетіспейтін өңірлерге оқуға көшіруді қамтамасыз ету.

Әлеуметтік жобаны жүзеге асыру мақсатында, рекрутинг орталығының мамандары үгіт-насихат жұмыстарын Алматы облысының Көксу, Кербұлақ, Панфилов, Ұйғыр, Райымбек, Кеген аудандары, Жамбыл облысының Сарысу, Тұрар Рысқұлов, Талас ауданы, Қызылорда облысы бойынша Жалағаш, Шиелі, Қармақшы, Жаңақорған, Сырдария аудандары, Оңтүстік Қазақстан облысының, Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал, Шардара, Төле би, Сайрам, Түлкібас аудан түлектерімен және ата- аналарымен кездесулер ұйымдастырып кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізіп өтті.

Биылғы жылы кездесулердегі қатысушылар саны жоғары болды. Атап айтқанда, Алматы облысы қатысушылар саны – 1850 адам, Жамбыл облысы қатысушылар саны – 950 адам, Қызылорда облысы қатысушылар саны – 3250 адам, Оңтүстік Қазақстан облысы қатысушылар саны – 13000-нан астам адам.