«Серпін» әлеуметтік жобасы аясында университет бітіретін студенттермен кездесу

Пресс-служба     06 Nov,2018        

Талапкерлерді рекрутингілеу және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығының ұйымдастыруымен 29-31 қазан аралығында факультеттерде Шәкәрім университетін 2018-2019 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында бітіретін студентердің  университет заңгерімен кездесуі болып өтті.

Жұмысқа орналастыруға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған жиынға аталған бағдарлама бойынша білім алатын студенттер контингенті кіретін факультеттерді: аграрлық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану-математика, инженерлік-технологиялық,  қазақ филилогиясы және тарих-педагогика факультеттерін 22 мамандық бойынша бітіретін 238 студент; факультет декандары мен кафедра меңгерушілері және факультеттердегі жұмысқа орналастыруға байланысты жауапты тұлғалар мен топ кураторлары  қатысты.

Кездесуде сөз сөйлеген орталық басшысы О.Т. Солтанбекова: «Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.А.Назарбаевтың  Мәңгілік ел идеясы шеңберінде 2014 жылдан бері «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін» әлеуметтік жобасы жұмыс істеп келе жатқанын; Жобанның басты мақсаты – еңбек ресурстары мол еліміздің оңтүстік аймағы (Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жастарын еңбек ресурстарына сұраныс көп Қазақстанның шығыс, солтүстік және орталық өңірлерінде білім алуға жағдай жасап, кейін сол жерлерде жұмысқа орналастыруға мүмкіндік жасау екенін еске салды. Болашақ түлектерді аталған ұлттық идеяға ат салысуға шақырып, жұмысқа орналасу тәртібін және жұмысқа орналасуға байланысты түлектердің құқықтары мен міндеттерін» нақты атап көрсетті.

Жиында студент жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтардың барлығына жауап алды.