«Серпін» Ұлттық жобалар басқармасы басшысының Шәкәрім университеті студенттерімен кездесуі

Администратор     23 Nov,2018        

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Серпін» Ұлттық жобалар басқармасының басшысы А.Х. Сагиеваның «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» –  «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында оқу бітіретін студенттермен кездесуі болып өтті.   

Аталған іс-шараның модераторы Талапкерлерді рекрутингілеу және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығының басшысы О.Т. Солтанбекова жиынды сұрақ-жауап форматында жүргізді.

Факультет декандары студенттерді алдын ала жұмысқа бөлу мәселесіне қызығушылық танытты. Айгүл Хасенқызы жауап ретінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін» әлеуметтік жобасы – еңбек ресурстары жеткілікті өңірлердің жастарына жоғары, техникалық және кәсіби білім беріп, еңбек ресурстары тапшы аймақтарға жұмысқа орналастыруға бағытталған жоба екенін атап өтті.

Студенттер өз сауалдарының барлығына жауап алды.

Университет жатақханасын аралап көрген А.Х. Сагиева студенттермен сұхбаттасып, олардың күнделікті тыныс-тіршіліктерімен танысты. Жоба жетекшісі оқу орны әкімшілігінің студенттерге табысты оқу мен жақсы өмір сүру үшін оңтайлы жағдай:  жақсы медициналық орталық, бай кітапхана, компьютерлік сынып, қолайлы тұрмыстық және жайлы демалыс бөлмелері жасағанын атап өтті.