“Shákárim lıgasynyń” 1/4 ширек финал ойыны өтті

Пресс-служба     20 Feb,2019        

19 ақпанда униниверситетіміздің Студенттік Парламентінің ұйымдастыруымен, Әлеуметтік-мәдениет, тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімдерінің қолдауымен, 2019 жыл “Жастар жылы” аясында Шәкәрім университетінің жайдарман “Shákárim lıgasynyń” 1/4 ширек финал ойыны өтті. Сайысқа барлық факультеттерден 14 команда қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Сайыс нәтижесі бойынша, әділ-қазылар шешімімен 10 команда 1/2 жартылай финалғаа жолдама алды:
1. “Филология арулары” Қазақ филологиясы факультеті
2. “Мегаполис” Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
3. “Неәбішни” Аграрлық факультет
4. “Плагиат” Аграрлық факультет
5. “Интрига” Жаратылыстану-математика факультеті
6. “Фаворит” Тарих-педагогикалық факультеті
7. “Ещкере” Тарих-педагогикалық факультеті
8. “Шоқбар” #1 жатақхана
9. “Серілер” Қазақ филологиясы факультеті
10. “Бюджет” Жаратылыстану-математика факультеті


“Shákárim lıgasy” осымен үшінші жыл ұйымдастырылуда, сәуір айының аяғына дейін өз жалғасын табады.