Шәкәрім мерейтойын орыс тілінде атап өтті

Пресс-служба     02 Nov,2018        

25 қараша күні «Филология: қазақ тілі»  мамандығының ФИ-801 тобында орыс тілі пәні оқытушысы орыс филологиясы кафедрасының профессоры Г.А.Жумадилованың Шәкәрімнің мерейтойына арналған ашық сабағы өтті. Сабақ барысында студенттер қысқа мерзімді оқу жобасын топтарға бөлініп жасады. Топтардың атаулары «Философы», «Исследователи», «Лингвисты», «Переводчики», «Мастера художественного слова», «Публицисты», «Искусствоведы». Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығына сай ақынның философ, тарихшы, ақын, аудармашы, музыкант және сазгер ретіндегі қырлары қарастырылды.

Сабақта ізденіс әдісі арқылы топтық жұмыс жасалды. Студенттермен шығармашылық талап ететін, эмпирикалық материалды жинақтау, зерттеудің нәтижелерін статистикалық өндеу, алынған нәтижелердің жаңалығын тұжырымдаудың шағын зерттеуі өткізілді.

Студенттер аудио,фото, видео-материалдарын көрсетті. Сабақ барысында өлеңдер оқылып, сонымен қатар Шәкәрімнің өмірбаянынан сахналық қойылымдар болды.Сабақта академик Ғарифолла Есімнің, академик Ерлан Сыдықовтың және басқа да авторлардың кітаптары ұсынылған, көркем әдебиет көрмесі ұйымдастырылды.

Ашық сабақ соңында студенттер жұмыс нәтижелері туралы өз пікірлерін білдіріп, ұлы ойшыл жұмысын зерделеудің  болашағы туралы бір-біріне өз тілектерін білдірді. Қатысушылар үшін оқытудың жаңартылған білім мазмұны кезінде мұндай сабақтардың педагогикалық тәжірибе үйретуде пайдалы жақтары мол және бүгінгі студент – ертеңгі маман өз пайдасына жаратар деп ойлаймыз.