Шәкәрім шаңырағы «Егемен Qazaqstan» тарихи басылымының 100 жылдығын атап өтті

Пресс-служба     25 Feb,2019        

Шәкәрім шаңырағы «Егемен Qazaqstan республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мырзамен республикамызға танымал зиялы қауым өкілдерінің басын біріктіріп, тарихи басылымның 100 жылдық мерейтойының атап өтілуіне ұйытқы болды.

Университет басшысы Ескендіров Мейір Ғариполлаұлы мәртебелі меймандарға «Егемен Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған елдегі алғашқы жоба «World of Egemen Kazakhstan»  Smart бұрышын таныстырып, ресми түрде іске қосылуын Дархан Қуандықұлына табыстады.

Дархан Қуандықұлы, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламасын тікелей жүзеге асырып, бірқатар іс-шаралардың ұйымдастырылуына ықпал етіп отырған қалалық Семей жобалық кеңсесімен танысып, Д.Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің талантты жастарымен сұхбаттасты және кеңседегі “Елбасы кітапханасы” галереясына, Түркі академиясының атынан, Елбасы жайындағы бірқатар кітаптарды сыйға тартты.

АКМЕ халықаралық ағартушылар клубының кеңейтілген отырысында басқарма төрағасы «Егемен Qazaqstan» газетінің тарихына, даму стратегиясы мен оның бағыттарына тоқталып, басылымның қол жеткізген технологиялық жетістіктері мен сапалылығы, сайтқа шығару, таралымды көбейту және  басылымда жарық көретін мақалалардың толыққанды зерттелуі – республикадағы маңдайалды басылым үшін өзекті екенін тілге тиек етіп, көпшілікпен терең ой бөлісті.

Кездесу соңында университет ректоры Алаш астанасына алғаш рет ат басын тіреген Дархан Қуандықұлын Шәкәрім қажы атындағы «Шәкәрім медальмен» марапаттап, ұжымының шешімімен «Шәкәрім университетінің құрметті профессоры» атағын берді.

Екі күнге созылған мерейтойлық шара аясында Астанадан арнайы келген қонақтар мен семейлік жас журналистер қостаған топ арнайы сапармен ұлы Абай мен Шəкəрім кесенелерінде болып, Абай ауданының орталығы – Қарауыл ауылындағы 2018 жылы қайтадан жаңаша кейіпте сомдалып, ашылған ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.