Шәкәрім Университетінің қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Семей қаласы, Глинки көшесі, 20а. Анықтама телефоны: +7 (7222) 31-87-79

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ АЛТАЙ АУДАНЫ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Асем Утешева     02 May,2018        

Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы «Рубцовск қалалық білім беру бөлімі» (басшысы – А.А. Мишчерин) мен Алтай өлкесінің Рубцовск ауданы әкімшілік комитетіне (төрағасы – В.Н. Костин) ақпараттық хат пен Шәкәрім мемлекеттік университетінің білім беру қызметі туралы  ақпарат жіберілген болатын.

Кәсіптік бағдар беру апталығы аясында 2018 жылдың 24-26 сәуірі аралығында Рубцовск қаласының мектептері мен Алтай өлкесінің Рубцовск ауданының селолық мектептерінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің өкілі «Шетел және орыс филологиясы» факультетінің «Орыс филологиясы» кафедрасының доценті И. В. Зыкованың жоғарғы сынып оқушыларымен кездесуі болып өтті.

Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы кәсіптік бағдар беру жұмыстары үшін қажетті материалдармен жабдықтады: презентация, университет туралы фильм және арнайы буклеттер мен газеттер.

Сұхбат барысында оқушылар Шәкәрім университетінің мамандықтарымен және оқуға қабылдау шарттарымен танысты. Біздің университет туралы ақпарат пен Қазақстанда ресейлік азаматтарды оқыту мүмкіндігі көптеген сауалдар туындатты. Мысалы: Ресей мен Қазақстан арасындағы білім туралы құжаттардың өзара келісімі туралы, Болон конвенциясына сәйкес Қазақстандағы жоғары білім деңгейлері туралы, бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқу мерзімі мен шарттары туралы, шетелдік студенттердің оқу және өмір сүру жағдайлары туралы, «Журналистика», «Шет тілі, екі шет тілі» сияқты бірқатар мамандықтардың болуы, қазақ тілін оқыту туралы, көптілді оқыту топтары мен бағдарламалары бойынша және Шәкәрім мемлекеттік университетінде сырттай білім беру мүмкіндігі туралы бірқатар сұрақтар қойылды.

Кәсіптік бағдар беру  Рубцовск аграрлық-өнеркәсіптік техникалық мектебінде де өткізілді, онда оқушыларға тамақ өнімдерін өндіру технологиясы мен машина жасау мамандықтары ерекше қызығушылық тудырды.

Рубцовск қаласы және ауданының білім беру басқармасымен, білім беру мекемелерімен, талапкерлерімен құрылған байланыстары әрі қарай жалғасын таппақ.