Шәкәрім Университеті магистр түлектерін түлетті

Ерлан Койчибеков     30 Jun,2017        

29-маусым күні магистратураны тәмамдаған 153 магистрантқа салтанатты түрде диплом табыс ету рәсімі болып өтті. Үлкен өмірге жолдама алған түлектер үшін бұл ерекше әрі қуанышты күн.

Жиынға университет, факультет басшылары, кафедра меңгерушілері, магистранттардың ғылыми жетекшілері мен ата-аналары қатысты.

Университетіміздің Оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Марат Орынтайұлы Абдикаримов бастаған университет басшылары өмірлік жолдарына сәт-сапар тілеп, дипломдарын табыстады. Концерттік бағдарламаға ұласқан салтанатты кештен соң бітіруші түлектер Шәкәрім ескерткішіне гүл шоғын қойып, құрмет көрсетті. Сондай-ақ Түлектер аллеясында дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан «Түлек-2017» жұлдыз белгісін орнатты.

Осылайша биыл оқу ордасы 36 мамандық бойынша 153 ғылым магистрін шығарды. Бүгінде маман атанған түлектерді шын жүректен құттықтай отырып, болашақтарының жарқын болуын тілейміз!