Шәкәрім университеті Сіздің мектебіңізде!

Администратор     30 Nov,2018        

2018 жылдың 12 қазанынан бастап Талапкерлерді рекрутингілеу орталығының қызметкерлері “Университет күні” аясында мектептерді Шәкәрім университетімен таныстыруды жалғастырды. Рекрутинг орталығының қызметкерлері университет кафедраларының оқытушыларымен біріге отырып, шамамен барлық қалалық мектептерге барды. Біздің қызметкерлер оқушыларға жоғары оқу орнының мамандықтары және Шәкәрім университетінде алатын мүмкіндіктері жайлы айтып берді. Кафедра оқытушылары шеберлік сыныптарын өткізді.

Мектеп әкімшілігі оқытушылар мен студенттерге оқушылармен пайдалы кездесулер ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, осындай іс-шаралар талапкерлерге болашақ мамандықты таңдауға көмектесетінін атап өтті.

Бұдан бөлек қала мектептерімен ынтымақтастық аяқталмайды, апта сайын ҰБТ пәндері бойынша онлайн-тестілеу өткізіледі, дайындық курстары өз жұмысын жалғастыруда, оқушылар үшін университет бойынша экскурсиялар өткізіледі.

Барлық оқушыларға хабарласамыз:

Құрметті мектеп түлектері! Егер Сіз сұрақтарға жауап алғыңыз келсе:

– Шәкәрім университетіне қалай түсуге болады?

– ҰБТ-ға қайда сапалы дайындалуға болады?

– Шәкәрім университеті туралы көбірек білгіңіз келсе,

Байланыс телефондарына  хабарласа аласыздар

8 (7222) 31-54-63, 36-03-96 немесе 8800 080 83 83