Шәкәрім Университетінің студенттері «Көшбасшылар мектебі» атты семинарда

Администратор     05 Dec,2018        

2018 жылдың 29-30 қараша күндері «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін» әлеуметтік жобаcы аясында білім алатын Шәкәрім университетінің студенттері Ш.Жасұзақова, А.Ғалым және Р.Егемберди Талапкерлерді рекрутингілеу орталығының маманы Дана Төлеубаеваның жетекшілігімен Щучинск  қаласында  өткен Республикалық «Көшбасшылар мектебі» атты семинар-тренингке қатысып қайтты. «Discovery-Боровое» сауықтыру орталығында екі күндік семинар-тренинг зымырап өте шықты. Студенттер алдында бизнес, психология саласының кәсіби мамандары баяндама жасады. Олар студенттерге көшбасшылық дағдыларды, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікті қалай дамыту керектігі туралы пайдалы кеңестер берді. Республиканың университеттері мен колледждерінінен келген студенттер бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасап, өз біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін көрсетті.

Сонымен қатар қатысушылар тренингтен бөлек тарихта өзіндік орны бар көрсе көз қызығарлық Бурабай, Жұмбақтас, Оқжетпес сияқты тарихи-мәдени орындармен танысып, әдемі табиғат аясында серуендеді. Екі күн ішінде біздің студенттер ұмытылмас әсер алды. Жоба қатысушыларына сертификаттар ұсынылды.