Шәкәрім университетіндегі үш тілде білім беруді ұйымдастыру: қазіргі жағдайы және жетілдіру жолдары

Пресс-служба     15 Jan,2019        

Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен 50*20*30 моделі бойынша көптілді білім беруді жүзеге асыратын кафедралардың оқытушыларының қатысуымен «Шәкәрім университетіндегі үш тілде білім беруді ұйымдастыру: қазіргі жағдайы және жетілдіру жолдары» тақырыбында университеттік әдістемелік семинар өтті.

Семинардың мақсаты – университеттегі үштілді білім берудің қазіргі жағдайын анықтау және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.

Семинар барысында «Шәкәрім университетіндегі үш тілде білім берудің жол картасын және студенттердің тілдік құзыреттілік мониторингісін жүзеге асыру» С.С. Тулеугалиева, АМЖД директоры, «Үш тілде білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» Ж.А.Жуманиязова, биология кафедрасының оқытушысы, «Химия пәндерін ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктері» М.Б.Мунлыкбаева, химия кафедрасының аға оқытушысы, «Үш тілде білім беруді жүзеге асырудағы тәсілдер мен әдістерді қолданудың тиімділігі, білім алушылардың білімінің сапасы мен мотивациясын арттыру» Ж.Х.Кажиева, экономика кафедрасының доценті, «Қазақ тілі мен әдебиеті: ағылшын тілі» мамандығы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу пәндерінің ерекшеліктері» Ж.Ж. Аитова, қазақ әдебиеті кафедрасының доцент м.а., «Университеттегі үштілділік: өзекті мәселелері мен перспективалары» Д.К.Жагалбаева, Г.Е.Тулькебаева, стандартизация және биотехнология кафедрасының аға оқытушылары тақырыптарында баяндамалар тыңдалынды.

Шәкәрім университетінде үштілді білім беруді енгізу 2020 жылға қарай білім алушылардың білімдерінің жоғары деңгейіне жетуге, күрделі мәселелерді шешуге және тіл мәдениетіне ие болатын бітірушілердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруға және жетілдіруге мүмкіндік береді.