Шәкәрім университетінің арнайы жұмыс тобы Аякөз өңірінде

Администратор     19 Feb,2019        

Талапкерлерді рекрутингілеу орталығының жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің жетекшісі Раил Советбаев пен факультеттер өкілдерінен құрылған мобильді топ Аягөз өңірінің мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп қайтты.

 

 

 

 

 

 

 

Болашақ талапкерлерге биылғы ҰБТ-ның ерекшеліктері туралы түсініктемелер беріліп, Талапкерлерді рекрутингілеу орталығының байланыс телефондары бар университеттің ақпараттық буклеттері таратылды. Жұмыс тобының мүшелері оқу орны әзірлеп шығаратын мамандық иелері жайлы ақпарат берді және оқушыларды қызықтырған барлық сауалдарға мұқият жауап беріп, Шәкәрім университетіне түсуге тілек білдірушілер туралы мәліметтер жинады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Математика, физика, химия, биология, тарих және ағылшын тілі пәндерінің оқытушылары шеберлік сыныптарын өткізді.

Жұмыс тобы сапар барысында қалалық №№ 3, 4, 5, 6, 10 орта білім беру мектептері, қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы және Аягөз қазақ лицейі мен Аякөз өңірінің Қ. Бозтаев атындағы, С. Ғаббасов атындағы және Д. Бабатайұлы атындағы орта білім беру мектептерінде кездесулер өткізіп, жалпы саны 500-ге жуық мектеп бітірушілерді қамтыды.