Шәкәрім университетінің ғалымдары әлемге археологиялық жаңалықтарын паш етті

Пресс-служба     17 Sep,2018        

Шәкәрім университетінің енді археологиялық зерттеулер жүргізу үшін ресми құқығы бар.Оқу ордамыз тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық, ғылыми, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік лицензия алды.

Өздерінің жаңа жетістіктері жайлы университет қызметкерлері «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда  айтып берді. Аймақтағы жылды қорытындылау үшін өткізілетін жиында біздің университет өздерінің бірегей археологиялық еңбектерімен жұртшылықтың назарын аударды.

 

Айта кету керек жаз айында университет басшылығының бастамасыменШәкәрім университеті және Шығыс Қазақстан облыстықтарихи-мәдени мұрасын қорғау мекемесі келісім шарт құрып, соның негізінде бірқатар ауқымды археологиялық зерттеулер жүргізген болатын.

Археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын тарих ғылымдарының кандидаты,  профессор Амантай Исин бастаған ғалымдар командасы Берел, Шілікті қорғандары, Қырықүңгір мен Елеке сазы қорымдарында, Көкентау және Аблайкит бекініс-ғибадатханасында жүргізді.

Амантай Исин т.ғ.к., профессор:Биыл Шәкәрім университетінде құрылған Шығыс-Сарыарқа археологиялық экспедициясы батыстағы Абыралы тауларынан бастап Аягөз өзені мен Батыс Тарбағатай таулы аймағын зерттеуді қолға алған. Бұл аймақ ішкі туризмнен бөлек халықаралық деңгейде дамудың маңыздылығынаие. Дәл осы жерде орта ғасырларда Батыс Түрік, Қимақ, Жошы Ұлысы, Ақ Орда сынды мемлекеттердің саяси орталықтары орналасқан.  Ал Қазақ хандығы тұсында хан мен сұлтандардың ордалары осы жерден орын тепкен. Ағымдағы 2018 жылы жұмыстар негізінен Көкентау, Семейтау, Абыралыдағы Таңбалытас, Қоңыр Әулие табиғи-кешені ескерткіштерібағыттарында жүргізілді.  Алғаш рет бұл жерлерде тек біздің экспедиция табан тіреді деуге болады.

Ғалымның айтуынша, бүгінгі күні біздің зерттеушілерде тас ғасыры артефактілерінің үлкен коллекциясы бар және олар одан әрі зерттеуге тас ғасыры мамандарын тартуды жоспарлап отыр. Жоғарғы Ертіс өңірінен ежелгі және ортағасырлық сауда жолын зерттеу жұмыстары басталды, күзет бекеттері анықталды. Бұдан басқа, Семейтау мен Көкентаудағы қазба жұмыстары Хунно-Сармат дәуірінің көптеген ескерткіштерін ашты. Абай ауданындағы табиғи-археологиялық кешеніне тахеометрикалық зерттеу жүргізілді.

Осылайша біздің ғалымдарымыз адам айтса нанғысыз ашылулар мен жаңа болжамдарға жол ашты. Бұл биылғы жылы облыстағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстардың ауқымы зор екенін тағы бір дәлелдеді. Ежелгі қазыналар ешкімді бей-жай қалдырмады.