Шәкәрім университетінің «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше іс-шаралар жүргізіп жатыр

Асем Утешева     28 Nov,2017        

Шәкәрім университетінің «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған жерге, Отанына, ардагерлерге құрмет, көмек көрсету, жастардың арасында патриоттық сезімін ояту мақсатында бірнеше іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Солардың бірі ретінде  ағымдағы жылдың қараша айының 25-і күні «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өткізіліп отырған іс-шараны бірлесе отырып, қаламыздың 92 жастағы соғыс ардагері Цюпа Дмитрий Иосиповичтің үйіне барып көмек беріп қайтқанын атап көрсетуге болады. «Мен бақыттымын! Біздің елде қарттарға барлық жағдай жасалған. Зейнет ақымыз уақытылы, қарнымыз тоқ. Ең бастысы еліміз тыныш. Мұның барлығы ел қамын ойлаған Елбасымыздың арқасы», -дейді өз өмірбаянынан әңгіме өрбітіп, естелік суреттері жапсырылған альбоммен  таныстырған соғыс ардагері Цюпа Дмитрий Иосипович.

Іс-шара соңында ардагеріміз алғысын білдірді. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.