«Шәкәрім және тарихты зерделеу» атты ғылыми-танымдық семинар

Пресс-служба     04 Oct,2018        

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында өтетін «Шәкәрім мұрасы  және әлемдік мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қарсаныңда Қазақстан тариxы кафедрасының  ұйымдастыруымен 2018 жылдың 28 қыркүйегінде Шәкәрім кампусында   ұлы гуманист, кемеңгер ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына  орай «Шәкәрім және тарихты зерделеу» тақырыбындағы  ғылыми-танымдық семинар профессорлар-оқытушылар құрамы өкілдерінің, «Тарих» мамандығының студенттерінің, магистранттарының, докторанттарының қатысуымен өтті.

Бұл семинардың мақсатын, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Ибраемова Майра Сансызбайқызы «Қазақстандық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі ретінде Шәкәрім мұрасына студенттер мен магистранттардың  қызығушылығын ояту, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығы туралы түсінік беру» деп атап көрсетті.

Семинарда тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Исин Амантай Исаұлы «ХХ ғасыр басындағы қазақ тарихнамасы», тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Каримов Мұхтарбек Қарпықұлы «Шәкәрім Құдайбердіұлы еңбектеріндегі қазақ тарихының мәселелері», аға оқытушы Рахметуллин Еркін Ерланұлы «Шәкәрім және Алашорда үкіметі» тақырыпттарына маңызды баяндамалар  жасады. Семинарға  қатысушылар құнды мәліметтер алды. Әрине, мұндай шара азаматтарымыздың тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауына ықпал етеді.