«Шәкәрім және Жастар» конференциясы

Пресс-служба     19 Oct,2018        

Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің  көрнекті  өкілі суреткер жазушы, ақын, философ, Абайдың інісі, Алаштың ұлы гуманист, кемеңгер ойшылы, қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай ұйымдастырылған мерейтой аясында жастар конференциясы өтті. Оқу және тәрбие істері жөніндегі  проректоры Әбдікәрімов Марат Орынтайұлының құттықтау сөзінен соңконференцияға қатысушы магистранттар мен студенттер ақын мұрасынан әр қырынан келіп, өз ғылыми көзқарастарын ортаға салды.

Атап айтқанда: «Журналистика» мамандығының 1-ші курс студенті Рахимова Жанель «Шәкәрім Құдайбердіұлы және қазақ баспасөзі»,  «Тарих» мамандығының 3 курс студенті Омаргалиев Еламан «Шәкәрім шежіресі – тарихы құнды еңбек»,Халықаралық SKACC факультетінің студенттері Афанасьева Анна, Амангельдинова Аида, Ибрагимов Арман «Международное академическое сотрудничество на факультете SCACC» тақырыбында баяндама оқыса, «Филология» мамандығының 3 курс студенті Аймухаметова Наргиздің «Үш бәйтеректің Семейге келуі және Шәкәрім» атты ғылыми мақаласы, «Тарих» мамандығының 2-ші курс студенттері Қайрат Динара мен Нұржанова Әйгерімнің «Рухани жаңғыру бағдарламасы – туған жердің қасиетті жерлерін ғылыми зерттеудің кепілі»жұмыстары ерекше есте қалды. Бұдан кейін  «Высшее филологическое образования в новых условиях», «Разработка лаборатории на основе технических средств фирмы National Instruments» тақырыптарында «Шетел тілі:екі шетел тілі» мамандығының 3-ші курс студенті Зинурина Айсулу мен «Автоматтандыру және басқару» мамандығының магистранты Жылқыбаев Тұрсынхан баяндама жасады.

Конференция соңында ғылыми және инновациялық қызметті басқару бөлімінің жетекшісі Ж.Есімбеков, Педагогикалық институт директоры Ұ.Тілемісов қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс білдірді.