ШҚО əкімінің орынбасары Асем Нусуповамен кездесу

Ким Валерий     03 Sep,2017        

2017 жылдың 2 қыркүйегінде Университетімізде Шығыс Қазақстан облысы əкімінің грантына ие болған бірінші курс студенттерінің ШҚО əкімінің орынбасары Асем Нусуповамен кездесуі болып өтті. Кездесуге Семей қаласының əкімі Ермак Сəлімов те қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде университет ректоры Мейір Ескендіров кездесуге қатысушыларды Білім күнімен құттықтады жəне облыстық бюджет есебінен ЖОО білім алуға мүмкіндіе алған студенттерді ерекше атап өтті.

Осы жылы университетіміздің 40 бірінші курс студенті халықтық шаруашылық жəне білім беру мамандықтары бойынша облыстық грант есебінен білім алатын болады.

Облыс əкімінің орынбасары Асем Нусупова грант иегерлері атанған студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады жəне білім алушыларға білім алу мен шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуда табыстар тіледі.

Студенттер ЖОО грант негізінде білім алуға мүмкіндік жасаған облыс əкіміне өз ризашылықтарын білдірді.

Студенттердің ата-аналары да облыстық бюджеттен берілген гранттарды бөлуде көмек көрсеткен  əкімшілік өкілдеріне алғыстарын айтты.

Кездесу сенімді жəне шабытқа толы жағдайда өтті.