Шығыс Қазақстан облысының мектеп түлектері Шәкәрім университетіндегі «Бiлiктi маман» жобасын iске асыру аясында

Администратор     04 Mar,2019        

1 наурызда Талапкерлерді рекрутингілеу және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығының ұйымдастыруымен Шәкәрім университетінде Бесқарағай, Бородулиха және Шемонаиха аудандарының мектеп түлектерімен кездесу өткізілді. Орталық 250-ден аса мектеп оқушыларына арнап  университет факультеттерін және олардағы білім беру бағдарламаларын толығырақ білуге және олармен жақын танысуға ​​мүмкіншілік беретін қызықты бағдарлама әзірледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таңертең оқушыларды Рекрутингілеу орталығы мен SKACC халықаралық факультетінің қызметкерлері Акт залында қарсы алды. Шәкәрім университеті туралы танымдық фильм мен ақпараттық слайдтар көрсетіліп, қонақтар алдында халықаралық факультеттің шетелдік оқытушылары сөз сөйледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Рекрутинг орталығының қызметкерлері университет меймандарына арнап ауылшаруашылық, инженерлік-технологиялық факультеттердің ғылыми зертханалары мен «Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы» инженерлік бейіндегі аймақтық сынақ зертханасына арнайы экскурсия ұйымдастырды. Бітірушілерді Шәкәрім университетімен таныстыру бағдарламасы өте тартымды болғандықтан мектеп оқушылары уақыттың қалай тез өткенін аңғармай да қалды.

 

 

 

 

 

 

 

Түстен кейін барлық мектеп бітірушілер «Екі жұлдыз: оқушысы + студент» атты дәстүрлі шоу-бағдарламаға шақырылды, онда оқушылар өз үйлеріне қайтар алдында қала мектептерінің оқушылары мен университет студенттерінің вокалдық қабілеттерін бағалауға мүмкіндік алды.