Сіз үшін, филологтар!

Пресс-служба     30 May,2018        

28 мамыр күні орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен университетімізде славян жазбалары және филолог күніне арналған мереке өтті. Аталмыш мереке орыс, қазақ және шетел филологиясы кафедрасының студенттерін біріктірді.

Кешімізге жылы атмосфера сыйлап,  бастаған “Орыс тілі және әдебиеті” мамандығының студенті Бойко Валентина мен Сынг Хо Ли жүргізуші болды. Сахнада өлең де оқылды, әнде айтылды, музыка да ойналды.

Сонымен қатар, факультетіміздің студенттерімен қызықтыойындар ойнатылып, көрермендерді де шетқалдырмай, викторина ұйымдастырылды. Әсіресе, Оңтүстік Кореядан келген студентіміз Сынг Хоның өзөмірі мен біздің университеттегі оқуы жайлы әзілмен аралас жанды әңгімесі ерекше болды.