- қабылдау жоспарларының бюджет шегінде де, шарттық және нысаналы да орындалуын бақылау;
- білім алушылардың аттестаттау нәтижелері мен ғылыми жетістіктері бойынша университетте магистранттар мен докторанттарды, жас ғалымдарды даярлаудың жай-күйін бақылау, есепке алу, талдау және бағалау;
- жаңадан құрылған диссертациялық кеңестерге құжаттама дайындау, сондай-ақ философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру үшін жаңа диссертациялық кеңестер ашу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- магистранттар мен докторанттардың, постдокторанттардың жеке жоспарларының орындалуын бақылау;
- Университет жазылған лицензиялық бағдарламаны пайдалана отырып, магистрлік диссертацияларды плагиатқа қарсы тексеру;
- жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң ғылыми процесiн ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзу (білім алушылардың ғылыми тағылымдамадан уақытылы өтуiн қадағалау);
- жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарының, өкімдері, нұсқаулықтары мен нұсқауларының, университеттің Ғылыми кеңесі мен ректораттың магистратура мен докторантурада, постдокторантурада ғылыми процесті ұйымдастыру, қолдау және өткізу мәселелері бойынша шешімдерінің орындалуын бақылау;
- ЖОО ішкі нұсқаулықтарды (нұсқаулық хаттарды), ережелерді және басқаларды әзірлеу және университеттің басқа құрылымдық бөлімшелеріне тарату;
- ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау процесін ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құжаттар;
- PhD докторларын мақсатты даярлауға мемлекеттік тапсырыс бойынша өтінімді қалыптастыру;
- ҒКДжАБ қызметі барысында өкімдер шығару;
- Жоғары білімнен кейінгі білім алушылардың ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін шетелдік ЖОО-мен қосымша келісім-шарттар жасау;
- магистратура және PhD жаңа бағдарламаларын ашу үшін лицензиялық базаны толтыру;
- бөлім жұмысы туралы жылдық есепті дайындау.