СТУДЕНТТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ АТТАНДЫ

Ким Валерий     08 Sep,2017        

Шәкәрім университетінен құрамы студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылардан құралған кезекті делегация Астана қаласында өтіп жатқан халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне жол тартты.

Бұл сапардың басты мақсаты – Елордада өтіп жатқан халықаралық ЭКСПО көрмесін тамашалап, ондағы ғылыми жетістіктермен танысу.

«Университет ректорына осындай сапарға шығуымызға мүмкіндік жасағаны үшін зор алғысымызды білдіреміз. Халықаралық көрмеде болу әр адамның арманы және бұл сапарда өзімізге қажет көптеген танымдық мағлұматтарды алатынымызға сеніміміз мол», – дейді журналистика мамандығының 3 курс студенті Қабдуали Сәулет.

Астанада өтіп жатқан көрменің басты тақырыбы «Болашақ қуаты». Жасыл технологияларды дамыту, балама қуат көзін табу бүгінгі әлем жұртшылығының басты проблемасын шешуде аталмыш көрменің алар орны ерекше.

Университет есебінен ұйымдастырылып отырған осындай кезекті сапар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Елордамыз Астанаға аттанған жастарға ақ жол тілейміз!