СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ МАГИСТРАНТТАР АРАСЫНДА «ЕҢ ҮЗДІК СТАРТАП ЖОБА» КОНКУРСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Пресс-служба     06 Dec,2018        

Шәкәрім университетінде «Франшиза және технология» орталығы мен  «Агротехнопарк» ғылыми орталығының ұйымдастыруымен, Семей қаласы кәсіпкерлер палатасы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен біріге отырып өткізген жыл сайынғы іскерлік идеялар сайысы аяқталды. Байқау Шәкәрім университетінің  базасында өтті. 

Жобалар бойынша 20-дан астам болашақта  кәсіпкер болуды армандайтын студенттер, әрі 8 топтық үлгіде құралған топтар қатысты.

Тәлімгерлер мен тәжірибелі сарапшылардың көмегімен 8 топтың қатысушылары мен жекелеген қатысушылар концепция мен бизнес-жоспарлары негізінде  жұмыс атқарып, жобалардың  барлығы да  іріктеу кезеңінен өтті, нәтижесінде ең тиімдідеп саналған  5 жоба  ақтық кезеңге жолдама алды.

«Байқаудың басты мақсаты жастар кәсіпкерлігін қолдау болып табылады. Біз Шәкәрім университетінің  дәстүрлі түрде өз идеяларын жүзеге асыруға ұмтылатын көптеген жас, мақсатқа ұмтылған жас кәсіпкерлермен  кездескенімізге  қуаныштымыз», – деді Семей кәсіпкерлер палатасының өкілі.

Ақтық кезеңге өткен жобаларды талқылаудан кейін, қазылар үш жеңімпазды анықтады:

I орын – Сартаева Л., Бектұрсын Н. «Махаббетпен жасалған» жобасы, Аграрлық факультетінің студенттері (сабын әзірлеу);

II орын – Тұрсынбай Ә., Мұратбек М. «Бөдене өсіру» жобасы, Аграрлық факультетінің студенттері;

III орын – Өмірбаев Р. «Students Library» жобасы,  Қазақ филологиясы факультетінің студенті;

Шәкәрім университетінің ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректоры және қазылар алқасының төрағасы, патенттік зерттеулер және шетелдік басылымдар бюросының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Амирханов К.Ж. барлық финалистерді «Алаш» төрт томдық кітаптарымен және дипломдармен  марапаттады, сондай-ақ конкурстың қалған қатысушыларына осы іс-шараға белсенді қатысқаны туралы сертификаттар және университеттен естелік сыйлықтарын табыс етті. Барлық сыйға берілген әдебиеттер қазақ тілінде болды.