Студенттерінің дәрігер-ұйымдастырушысымен кездесуі

Пресс-служба     16 Feb,2019        

2019 жылдың 15 ақпан күні шетел және орыс филологиясы факультетінің 1 курс студенттері  Семей қаласындағы «СПИДтің алдын-алу және күрес орталығының» дәрігер-ұйымдастырушысы А.Е. Аукеновамен кездесуі болып өтті.

Іс-шараның мақсаты студенттердің ақпараттану деңгейін көтеру, салауатты өмір салтын ұстануды  насихаттау және АИТВ жұқпасымен өмір сүріп жатқан адамдарға түсіністік танытуды қалыптастыру.

Кездесу барысында Аяулым Аукенова АИТВ жұқпасының қаупі туралы айтып, студенттерге ақпараттық кітапшалар таратты. Ал студенттер маманға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірталас ұйымдастырды.