Студенттік Парламент халықаралық форумға қатысты

Пресс-служба     17 Oct,2018        

9-13-ші қазан аралығында университетіміздің командасы Барнауыл қаласы Алтай мемлекеттік университетінде өткен  халықаралық студенттік форумға қатысып қайтты. «Траектория международного молодежного сотрудничества» тақырыбындағы форум Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ресейден 100-ден астам қатысушыны жинады. Барнаул қаласында бастау алған жиын, таулы Алтайда, “Манжерок”курорттық кешені аумағында үш тақырып аясында өтті. Айтбергенов Ерасыл, Ғалымов Әділжан, Сақпан Ақнұр сынды Шәкәрім университетінің студенттік парламент белсенділері “Рухани жаңғыру – жастар жолы”атты жобаны назарға ұсынды.

Бұдан бөлек форум ұйымдастырушылары пікірталас алаңдарынан басқа қызықты ойын-сауық бағдарламасын,”Кім? Қайда? Қашан?” интеллектуалды ойынын ұйымдастырған. Қонақтар “Үлкен Алтай” аймағына, Чуй трактіне, Алтай Республикасының Чемал ауданына, сондай-ақ Чечкыш қорығына саяхаттап, әсем мекендерді тамашалады. Салтанатты жабылукешінде ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға естелік кәдесыйлар, конкурс жеңімпаздарына сыйлықтар, алғыс хаттар табыс етті. Форум қарарында  Азия университеттерінің жастар Кеңесін құру туралы идея айтылды.