Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 2018 жылдың 18-26 шілде аралығында мемлекеттік білім беру гранттарын алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдайды. Біздің мекен-жайымыз: Семей қ., Глинки көш., 20 А, телефон: 31-87-79

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сағаты

Асем Утешева     29 Nov,2017        

2017 жылдың 29 желтоқсанында «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының профессор-оқытушы құрамы 5В010900, 5В060100 – математика мамандығының студенттерімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сағаты» атты кездесу өткізіді.

sdr

Кездесу барысында кафедра меңгерушісі О.М.Жолымбаев студенттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия «100 қадам» Ұлт жоспарымен таныстырып, мемлекетіміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралармен таныстырып, оның маңызын түсіндірді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он алты жылдың ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуын, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалатындығын сөзге тиек етті.

sdr

Ісшараның басты мақсаты – мемлекетіміз осы бір жаһандану заманында көркейіп, өркениетті әрі жоғары сатыда дамуы үшін елімізге сауатты да білімді, қоғамымызда құқық-бұзушылықтар мен қылмысқа төзбейтін Отан сүйгіш азаматтарын тәрбиелеу. Сонымен қатар қатысып отырған аудитория тыңдаушыларына қоғамымызда кездесетін сыбайлас жемқорлық деректерімен қалай күресу қажет екенін түсіндіріп, болашақта еліміздің патриот-азаматтары ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресте ат салысуға шақырылды. Кездесу барысында студенттер өздерінің тараптарынан сыбайлас жемқорлыққа байланысты көптеген өзекті сұрақтарын қойып, оларға толықта, мағыналы жауаптар алды.