“Тәуелсіздігім – қастерлім!” концерттік іс-шарасы өтті

Асем Утешева     15 Dec,2017        

Желтоқсан айының 7 күні Тәуелсіздік күніне орай Қазақ филологиясы факультеті “Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі” кафедрасының  ұйымдастыруымен “Тәуелсіздігім – қастерлім!” концерттік іс-шарасы өтті. Іс-шараға кафедраның 1-3 курс студенттері қатысты.

Іс-шараны ашу барысында факультет деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыров.А.Қ құттықтау сөз алды. Концерттік бағдарлама аясында тарихи бағыттағы баяндамалар оқылып, ұйымдастырушылар тарапынан құттықтау тілектер айтылды. Әрі қарай факультеттің белсенді студенттері ән салып, ақындарымыз жырларын арнап жатса, қалған өнерпаздар өз өнерлерін паш етті.