«Тәуелсіздік тұғыры биікте»

Асем Утешева     15 Dec,2017        

14 желтоқсан 2017 жылы 3 оқу ғимаратының дәрісханасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған жаратылыстану-математика факультетінде «Физика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұғыры биікте»  атты тақырыпта мерекелік іс-шара өтті.

   Іс-шараға факультеттің барлық мамандықтары бойынша оқитын студенттер қатысты. Студенттер тақырыпқа сай патриоттың өлеңдерді мәнерлеп оқыды, өз күштерімен дайындалған көрініс көрсетті, «Желтоқсан желі» әнін бүкіл зал болып шырқады.

Іс-шараның мақсаты бүгінгі жастардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.