Шәкәрім Университетінің қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Семей қаласы, Глинки көшесі, 20а. Анықтама телефоны: +7 (7222) 31-87-79

«Тектану негіздері. Кіріспе. Докучаевтің авторлық әдісі» тақырыбында дәріс-презентация өтті

Асем Утешева     12 Jul,2018        

Инновациялық білім беру технологиялары орталығында дене, психикалық және рухани денсаулыққа байланысты «Тектану негіздері. Кіріспе. Докучаевтің авторлық әдісі» тақырыбында дәріс-презентация өтті. Қазақстан Республикасындағы ғылыми пәндер тізіліміне тектану ғылымын енгізу оның негізгі мақсаты болып табылады.

Дәріс барысында адамның жеке ерекшеліктері және оның руы тарихын анықтау мәселелері қарастырылды. Докучаевтің тектану әдісі үйлесімді қарым-қатынас қалыптастыру, отбасын құру және сақтау, тұқым қуалайтын аурулардан құтылу, әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Дәріс-презентацияны тектанушы-кеңесшісі, медицина ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, Астана медицина университетінің клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-терапевт, дәрігер-психотерапевт, Ресей кәсіби психотерапевтикалық лигасының мүшесі, Қазақстанның кәсіби тектанушы лигасының мүшесі Назигуль Куандыковна Дюсембаева өткізді.

Дәріске қала мен аудардардың психологтары, педагогтары, логопедтері және әлеуметтік қызметкерлер қатысты.