«ТЕМПУС ЖОБАСЫ МЫСАЛЫНДА ҚҰЗЫРЕТТІЛІК КӨЗҚАРАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМІ»

Ким Валерий     20 May,2016         No Comment

2016 жылдың 19 мамыр күні педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік бюро төрағасы Абишева Ш.Ш. «ТЕМПУС ЖОБАСЫ МЫСАЛЫНДА ҚҰЗЫРЕТТІЛІК КӨЗҚАРАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМІ» № 517504 «Орталық Азия елдерінде педагогика және білім беруді басқаруда оқу бағдарламасын жаңарту және дамыту» атты ЖОО семинарын өткізді. Педагогикалық факультет деканы, доцент Аубакирова Р.Ж. сөз сөйлеген кезде халықаралық ТЕМПУС жобасын жүзеге асыру барысында құзіреттілік көзқарасын енгізу мәселелері қаралды, аға оқытушы Нурбекова М.А. құзіреттілік көзқарсы негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі тәжірибелермен таныстырды.
Доцент Турсунгожинова Г.С. «Педагогика и психология» мамандығы мысалында педагогикалық процестің оқу-әдістемелік сүйемелдеу көрсетілді. Жоба қатысушылары әзірлеген оқу, оқу-әдістемелік материалдар үш тілде ұсынылған. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің профессоры, д.п.н. Шкутина Л.А. жоба бойынша серіктестер атынан «Құзіреттілік көзқарасын жүзеге асырудағы тәжірибе» видео-үндеуін жолдады.
Талқылау барысында сөз сөйлегендер: әдістемелік жұмыс және кәсіби даму бөлімінің басшысы Тулеугалиева С.С., экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің ОӘБ төрағасы Газизова Н.С., педагогикалық психология кафедрасының доценті Турганбаева Б.Ш., семинар қатысушылары мен қонақтары.