Тиімді демалыс

Пресс-служба     06 Nov,2018        

Талапкерлерді рекрутингілеу және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығының ЖОО-ға дейінгі дайындық бөлімі оқушылардың күзгі каникулы кезінде аудан мектептерінің 60-тан астам жоғары сынып оқушыларына арнап 30 қазан – 04 қараша аралығында ҰБТ-ға дайындық курстарын өткізді. Оған негізінен Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма және Үржар аудандарынан оқушылар келді.

Жүргізілген сабақтар нәтижелігіменмен ерекшеленіп, оқушылар өз білімдерін ұштаумен қатар өзара жақын танысып, лайықты достар тапты.

Курсты аяқтаған оқушылар өз білімдерін тексеруге мүмкіндік алып, online-тест тапсырды. Сонымен қатар олар арнайы ұйымдастырылған әр түрлі ойындар мен викториналарға белсене ат салысып, сувенирлік жүлделердің ұтыс ойынына қатысты. Нәтижесінде оқушылар жедел курстарға өте риза болып тарады.