«Туған жер. Отан. Қазақстан» презентациялық байқау нәтижесі

Асем Утешева     22 Nov,2017        

21 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студенттер арасында өткен «Туған жер. Отан. Қазақстан» презентациялық конкурсының нәтижелері жарияланды .

«Патриоттық сезім өзіңнің жеріңе, өз аулыңа, қалаңа, ауданыңа, кішігірім Отаныңа деген махаббат басталады» – деп Президентіміз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап кеткен болатын. Аягөз, Үржар, Мақаншы, Бородулиха, Көкпекті… бұлар біз үшін жай ғана елді мекендер атауы болуы мүмкін, алайда басқа да жүздеген адамдар үшін олардың өмір жолдары басталған кішігірім Отаны. Сол себепті біздің студенттерді өз Отандарымен таныстыру деген ой туды.

Байқау қатысушылар өздерінің туған қала, аудан, ауылдары жайында презентацияны үлкен махаббатпен және құлшыныспен дайындады. Олар фото презентациялар, эссе және өз шығармашылығынан өлеңдер жазып жатты.

Әділ-қазыларға қатысушылардың жұмысын бағалау оңайға түспеді, себебі адамның өз Отанына деген махаббатын өлшеу, оны бағалау мүмкін емес. Алайда, презентациялар арасында терең мағынасымен, безендірілімен ерекше көзге түскен бірнеше жұмыстар болды:

– 1 орын Бейсенова Балжан, ГУ-707 тобы, құқық және экономика факультеті -Көкпекті

– 2 орын Берік Ақниет, ЭН-701 тобы, құқық және экономика факультеті – Аягөз

-3 орын Жанахметова Дана, ФН-705 тобы, құқық және экономика факультеті – Ақсуат

Байқау сырттай формада өткендіктен, қатысушылардың жұмысын «Университет әлемі» газетінің беттерінен көруге болады.