Тұңғыш Президент кітапханасындағы бір күн

Пресс-служба     26 Sep,2018        

26 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» атты семинар-тренинг басталды. Тренингке қатысушы озат  студенттер мен белсенді жастар  үшін еліміздің жетекші ғалымдары, ғылым доктарлары дәріс оқиды және «Туған жер» туристік жобасын дамыт аясында жеке және командалық тиімділігін арттыруға бағытталған тренингтерге, «Қазақстан жолы»онлайн ғылыми-зерттеу және білім беру орталығында практикалық оқуға қатысады.

Әмбебап білім беруден басқа, студенттерге Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейін таныстыру экскурсиялары, Астананың көрікті жерлерін тамашалап, танымал адамдармен кездесу күтіледі.

Астанаға алғаш рет келген жас өрендердің көпшілігі үшін Елордамен танысу осындай жоғары деңгейдегі іс-шарадан басталды. Мұндай елеулі күн ұлт Көшбасшысының идеялық рухына енуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

– Қазақстанның түкпір-түкпірінен Елбасы кітапханасын көруге келгенжастарға бұл жерден мол ақпарат алуға мүмкіндік бар. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді.Жаңа идеялар толыкездесулер, өз саласында кәсіби маман адамдармен жүздесукомандалық рухты нығайтып, бізді қанаттандыруда – деп Шәкәрім университетінің студенті Сақпанова Ақнұр өз ойымен бөлісті.

Семинар-тренинг аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.