Ұлы түлга мейрамы Шәкәрім университетінде!

Пресс-служба     01 Dec,2018        

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні еліміздегі атаулы әрі жарқын мерекелердің бірі. Бұл жолы мерекедеШәкәрім университетінің профессор оқытушылар құрамы мен студенттері қаламыздағы кинотеатрында арнайы «Көшбасшы жолы. Отты өзен» кинофильмін тамашалады. Аталған туындының режиссері Рүстем Әбдірәш фильмге Президент өмірініңжігер мен арманға толы жастық күндерін арқау еткен.

Шынайы сюжеттер мен заманауи түсірілім жұмысы өз көрерменіне шын мәнінде әсер етпей қоймайды. Көрсетілімнен соң университет басшысы Мейір Ғариполлаұлы ұжымды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, өмір белесінде Ұлт кемеңгерімен кездескен сәттерінен сыр шертті.

Өз сөзінде: -Елбасы – өте жаңашыл адам. Үнемі ізденісте, жаңалық ашумен жүреді. Сол себепті Елбасыныңжастарға деген көзқарасы ерекше, ықыласы бөлек, сенімі мол – деді. Дәл осы мерекедеректор оқу ордамыздарға жас мамандарға қызметтік пәтер кілтін табыс етті.

Қызметтік пәтерге ие болғандардың қатарында оқытушылық жолын жаңа бастаған мамандар, аға оқытушылар, жоғары дәрежелі мамандар бар. Айта кетейік Елбасының биылғы жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналады.

Шәкәрім университеті осылайша аталған міндеттердің орындалуын назардан тыс қалдырған емес. Марапат сәтінен соң шашу шашылып, Д.Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің тәрбиеленушілері Президенттің авторлық өлеңдерінен жыр арнады.