Университет күйі – мемлекеттің жоғарғы оқу орындары тарихындағы жаңалық!

Пресс-служба     29 Dec,2018        

Семей қаласының барша жұртшылығының өкілі, Шәкәрім университетінің ұжымына, «Шәкәрім шаңырағы» атты күйдің ашылуы өтті. Университет күйі – бұл Ұлы Дала әндерінің қазіргі заманда «жаңа леп» алуының айрықша көрінісі. Бұл «Ұлы даланың жеті қыры» атты елбасының бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуының көрінісі.

Университет күйі еліміздің білім кеңістігімізге алғашқы рет көрсетілгенін атап кетуіміз керек. Жобаны жүзеге асыруға дарынды күйші-композитор Айбек Бекбосынов атсалысқан болатын. Ол ұлы гуманист Шәкәрім философиясының мағынасын қазіргі заман тыңдаушыларға жақын да, түсінікті болатындай етіп жеткізе алды.

Музыкалық туындының видео үлгісі Youtube желісінде тыңдармандар назарына ұсынылды.