Университет қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау конференциясы

Пресс-служба     25 Jan,2019        

2019 жылдың 23 қаңтарында бас ғимараттың акт залында  университет қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау конференциясы өтті.  Конференцияға Білім және ғылым қызметкерлерінің Семей аймақтық кәсіподақ кеңесінің төрағасы С.М.Ибраев, ректор кеңсесінің жетекшісі М.О.Әбдікәрімов, университеттің оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж.Т.Мукаев және конференция делегаттары мен кәсіподақ мүшелері қатысты.

Конференцияда 2014-2018 жылдардағы кәсіподақ комитеті мен бақылау-тексеру комиссиясының есептері тыңдалды және конференция делегаттары университет кәсіподақ комитетінің атқарған жұмыстарын талқылап, оң баға берді.

Күн тәртібіне сәйкес университет кәсіподағының төрайымы болып тарих-педагогика факультеті кәсіподақ бюросының төрайымы Н.А.Кулмышева және  бақылау-тексеру комиссиясының  төрайымына Г.К.Исмаилова, келісу комиссиясына Н.А.Кулмышева, Р.С.Мамбетбаева, Ж.З,Қорабаев, Т.А.Наревская және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы болып Е.С.Жарықбасов сайланып, кәсіподақ комитеті мен бақылау-тексеру комиссиясының  жаңа құрамы  бекітілді.

Конференцияға қатысқан С.М.Ибраев университеттің бастауыш кәсіподақ ұйымымен тығыз байланыстағы жұмыстарының нәтижелігін атай келе, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Жиын барысында университеттің белсенді кәсіподақ мүшелеріне алғыс хат, бастауыш кәсіподақ ұйымын 30 жыл басқарған Роза Сейсенбекқызына алғысын білдіріп, ерен еңбегі үшін  «Еңбек ардагері» медалі және алғыс хат  табысталды.