«Университет пен кәсіпорынның стратегиялық серіктестігі – студент даярлаудағы маңызды құрамдас бөлігі»

Асем Утешева     30 Nov,2017        

2017 жылдың 28 қарашасында Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Университет пен кәсіпорынның стратегиялық серіктестігі – студент даярлаудағы маңызды құрамдас бөлігі» атты өндірістік практикадан қорытынды конференция өткізілді. Конференцияға жетекші кәсіпорындардың: «Теплокоммунэнерго», ТОО «Лесресурс», «Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқым мекемесі» РММ Семей аймақтық орман тұқымы станциясының өкілдері, университеттің ПОҚ және бітіруші түлектер қатысты.

Кәсіби құзыреттіліктерді игеру үшін қазіргі заманғы технологияларды енгізу бойынша өзекті сұрақтар конференция барысында талқыланды.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар келесі ұсыныстар қабылдады: жаңа экономика моделі аясында сұранысқа ие біздің түлектерді қамтамасыз ететін, арнайы құзыреттіліктерді жұмыс берушілермен бірлесе отырып әзірлеу; дуалды оқыту жүйесінің элементтерін іске асыру аясында,  жұмыс берушілер- педагогтар- білім алушылар  әдістемелік кешенді қамтамасыз ету; заманауи әдістерге негізделген тәжірибеге бағытталған технологияларды білім беру үрдісіне белсенді түрде енгізу.