БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 35-61-22
Ішкі телефон (ip): 1031
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Глинка көшесі 20а
Кабинет: 311
E-mail: dav@semgu.kz

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент (АМД) Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры: Есенбекова Гүлжанат Жұмағазықызы

Қазақстан Республикасының жоғары білім беру стандарттарына, даярлық бағыттарының, мамандықтардың оқу жоспарларына, оқу үдерісін жоспарлау, басқару және бақылауды ұйымдастыру арқылы ел экономикасы үшін бәсекеге қабілеттті мамандарды даярлау үдерісін қамтамасыз ету.

• Кәсіптік білім беру саласында білім қызметін жүргізу құқығына берілетін мемлекеттік лицензияға сәйкес университетте білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және басқару.
• Университетте оқу үдерісін ұйымдастыру және оның орындалуына бақылау жасау.
• Оқу үдерісінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру.
• Еңбек нарығына маркетингілік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу (мамандарға қажетттілікті болжау үшін деректер қорын құру).
• Ғылым мен мәдениеттің даму үрдістеріне және еңбек нарығының талаптарына сәйкес мамандар даярлаудың болашақ бағыттарын айқындау.
• Мамандықтар номенклатурасына мониторинг жүргізу және жаңа мамандықтарды лицензиялау.
• Студенттердің білімін бақылаудың барлық түрлері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
Білім алушылардың оқу жетістіктерінің барша тарихын тіркеуді іске асыру.
• Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің мамандар даярлау сапасын басқарудың жоғары оқу орныішілік жүйесін қалыптастыру және жақсарту бойынша жұмысты үйлестіру.
• Оқу үдерісінде осы заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша негізгі бағыттарды айқындау.

Оқу-әдістемелік басқармасының қызметі келесі нормативтік құжаттармен реттестіріледі:
2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III ҚРЗ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 499 Қаулысымен бекітілген «Жоғары кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі»;
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жарғысы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2013 жылғы 12 шілдедегі №531 бұйрығымен бекітілген;
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің сапа саласындағы Саясаты;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарты»;
Білім алушылардың бастауыш кәсіби, орта кәсіби және жоғары білім беру ұйымдарында ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 бұйрығымен бекітілген;
Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 16 наурызындағы №94 бұйрығымен бекітілген;
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережелері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №108 бұйрығымен бекітілген;
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген;
Оқу жұмысы мәселелері жөніндегі университет бойынша бұйрықтар мен өкімдер;
Оқу-әдістемелік басқармасының құзырына жататын мәселелер бойынша оның шешімдері ұсыныс сипатты болады, ал оларды университет Ғылыми кеңесі бекіткеннен кейін факультеттер мен кафедралар орындауы міндетті болады.