Бөлім басшысы: Дюсупова Гульмира Турсунгалиевна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 44-29-30, 36-02-09
Мекен жайы: Қазақстан республикасы 071400, Cемей қаласы, Глинка көш., 20а
Кабинет: 313
E-mail: otdelaccredit_rating@mail.ru

Аккредиттеу және рейтинг бөлімі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі болып,  оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректорына тікелей бағынады.Бөлім бір бөлімшеден құралып, бөлімнің бастығы университет ректорының бұйрығымен тағайындалады.

Ұлттық, халықаралық аккредиттеуді өтуіне құрылымдық бөлімшелерін дайындау, әлемдік рейтингте қатысу, сондай-ақ халықаралық стандарт ISO 9001-2008 талаптарына негізделген тиімді сапа менеджменті жүйесін дамыту артқылы, білім беру қызметтері нарығында университеттің бәсекеге қабілеттілігін және беделін арттыру.

Аккредиттеу және рейтинг бөлімі университет мамандарын дайындау сапасының ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру және жетілдіру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

  • білім беру бағдарламаларын аккредиттеу рәсімдері және құжаттарын ұйымдастыру мен дайындау жөніндегі қызметті үйлестіру;
  • университеттің ұстанымын және өлшемдер өзгерістер уақтылы анықтау үшін рейтингтік агенттіктердің бағалау критерийлерін мониторингі;
  • университет рейтингінде университеттің қатысу аясында құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
  • стратегиялық жоспарды әзірлеу, стратегиялық жоспардын тұжырымдамасын әзірлеу, іске асыру индикаторлар механизмдарын жүйелеу;
  • білім беру қызметінің тұрақты сапа менеджменті жүйесінің қалыптасуы мен дамуы.
  • аккредиттеу, рейтинг және сапаны қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинарлар мен кездесулер ұйымдастыру
  • Болон процесінің принциптеріне сәйкес қазіргі заманғы тиімді, сапалы, білім беру жүйесін жасау үшін СМЖ құжаттамасын ( құжатталған процедуралар) әзірлеу;
  • білім беру сапасы және білім беру қызметтерін ұйымдастыру жайында аудиторлық тексерулер жүргізу;
  • Ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыру.

Аккредиттеу және рейтинг бөлімі мынадай нормативті- құқықтық актілермен реттеледі:

  • «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2016-2019 арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Жарғысы;
  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің сапа саласындағы саясаты;
  • мемлекеттік білім беру стандарттары мен типтік оқу жоспарлары;
  • халықаралық стандарты ISO 9000: 2005 «Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік»;
  • халықаралық стандарт ISO 9001: 2008 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар»;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және басқа ұйымдардың ұйымдастырушылық және әкімшілік құжаттар;
  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің нормативтік және әкімшілік құжаттары.
  1. Сапа менеджмент жүйесі халықаралық стандартының жаңа ISO 9001:2015 нұсқасына көшу жоспарының 30% мөлшерінде асыру.
  2. 33 білім беру бағдарламаларын (бакалавриат-16 магистратура-16, докторантура-1) постаккредитациялау мониторингтен дайындау және өту жоспарын 100% мөлшерінде іске асыру.
  3. Құрылымдылық бөлімшелеріндегі СМЖ үшін жауаптылармен жылына 2 рет семинар-тренинг өткізу;
  4. 2016-2017 оқу жылына арналған ішкі аудиттер бағдарламасы 100% мөлшерінде іске асыру;
  5. Университеттің ішкі аудиторлармен семинар-тренинг өткізу – жылына бір рет;
  6. KPI көрсеткіштерін 100% мөлшерінде енгізу;
  7. Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы 2013-2022 жылдарға арналған стратегиялық даму Жоспарын өзектендіру;
  8. Халықаралық аккредиттеуден өту бойынша жоспарды орындау.